"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛҰЙЫМ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗІГІ ОРТА МЕТЕБІ" КММ
КГУ «ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛУЮМ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектептің жылдық қорытындысы.

21.12.2023

Қызылұйым ауылының негізгі орта мектебі Тәуелсіздікпен тағдырлас білім ошағы. 2023 жыл біз үшін табысты жыл болды. Ең алдымен білім алушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында бейнебақылаулар қойылды, 1-4 сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды, педагогтардың жалақысы 100%-ға өсті.Биылғы оқу жылында мектебімізге блокты- модульдік қазандық салынып,қолданысқа берілді,сондай-ақ мектептің жанына бүлдіршіндерге арналған ойын алаңы салынды.

Мектеп мұғалімдері, оқушылар аудан, облыс көлемінде әртүрлі сайыстарға қатысты.

2-7 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған "Зерде" республикалық зерттеу жобалары конкурсында 7-сынып оқушысы Кәдірбек Айғаным қазақ тілінен І орынды, Талапов Бексұлтан ІІ орын, Маули Шыңғыс ІІІ орынды иеленді.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде биолгия пәнінен Шағыр Айым 3-орынды иеленді

3-4 сыныптар арасында "Алтын сақа" математикалық сайысында аудандық кезеңде Талапов Бексұлтан 3 орын иеленсе Қорқытбек Ерсайын белсене қатысқаны үшін мадақтамамен марапатталды. Бастауыш сынып мұғалімдерінің арасында өткен " Алтын тұғыр" математикалық сайысында Дюсембекова Гүлсім Ташенқызы аудандық кезеңдегі ерекше жетістігі үшін мадақтамамен марапатталды. Мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары Талапов Бексұлтан, Қорқытбек Ерсайын, Жұмабай Томирис, Жанатай Мөлдір, 7- сынып оқушысы Кадырбек Айғаным " Тәуелсіздік дарыны " республикалық дарынды балаларға арналған эссе жазу байқауының жеңімпаздары атанды

"Ақмола жұлдыздары" атты аудандық көркемөнерпаздар байқауына бірнеше оқушылар қатысып, лауреат атанды.

Мұғалімдер арасында ұйымдастырылған "Екі жұлдыз" сайысында Быхылова Юлия мен Темірханова Ақерке ІІ орынды иеленді.

Жылдағы Мұғалімдер спортакиадасына бірнеше мұғалімдер қатысып, "Бес асық" ойынынан Юлия Сергеевна ІІ орынды жеңіп алды және оның оқушылары "Жастар" спортакиадасына қатысып, теннис, тоғызқұмалақ ойынынан жақсы көрсеткіш көрсетті.

https://m.facebook.com/groups/485325728917457/permalink/1493617211421632/?mibextid=Nif5oz

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 21.12.2023 20:30
Құрылған күні: 21.12.2023 20:30

Текст