"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛҰЙЫМ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗІГІ ОРТА МЕТЕБІ" КММ
КГУ «ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛУЮМ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мәңгілік жас бейне...""Шоқан әлемі.

Мәңгілік жас бейне...

         «Шоқаны бар елдің - шоқтығы биік» демекші, құйрықты жұлдыздай жарқ еткен Шоқан (Мухаммедқанафия) титейінен алғыр, зейінді болып өсті. Тілі де ерте шығып, зеректігімен көзге түсті. Сәби шағынан үлкендердің әңгімесін, аузымен құс тістеген билер мен шешендердің сөздерін, көне қиссаларды, батырлық дастандар тыңдауға аса қызығушылық танытатын пейілімен ерекшеленді. Әдетте аға сұлтанның ақ ордасына ат басын бұрар қонақ көп. Әсіресе, жаз туып, ел жайлауға мамырлай қонған кезде. Меймандар арасында әкімшілік жайымен жүрген ел билеушілерімен қатар, ескі әңгімелерді мол білетін құйма құлақ қариялар, кезінде талай жорықтарды бастан өткерген кеуделі батырлар, сөзден өрнек өретін небір шешендер, жыраулар мен өнерпаздар, күміс көмей әншілер де баршылық». Ал оларды есі кете қызығып тыңдаушылардың бірі-сол үйдің кішкентайы Мұхаммедқанафия еді.Үлкендердің қасында тапжылмастан шоқиып отырып, әңгіме тыңдайтын баланы әжесі Айғаным: «Шоқиғаным, Шоқаным», деп еркелетеді екен. Ақырында оны кейіннен бүкіл ағайын–туғаны, ел-жұрты да осылайша атап кетті. Ол бүкіл ғұмыр кешкен ортасына, заманына Шоқан есімімен танылды. 

         Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың есімі Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық- ғылыми ойының тарихында құрметті орын алады. Аса көрнекті ғалым әрі ағартушы Шығыс халықтары туралы толымды да жемісті ғылыми зерттеулер жүргізді және сол бір кезде сыры-қыры ашылмаған беймәлім елдерге асқан қауіп-қатерге қарамай белді буып, батылдықпен саяхат жасады. Шоқан өз сапарын елдің жағрафиясын,  тарихын, әдет-ғұрпын, тұрмысын зерттеп білуге пайдаланды. «Ол асыл тастай, қай қырын күн сәулесіне ұстасаң да жарқырай көрініп, сан алуан қасиеттерімен асылдығын айқындай түседі».

       Шоқанның ғұмыры қысқа болса да артына таусылмас шежіре қалдырды. Шоқан алғаш қазақ арасынан шыққан саяхатшы  ғалым, алғаш қазақ фольклорын зерттеген ғалым, алғаш қазақ арасынан шыққан шығыстанушы ғалым және алғаш еңбегі ағылшын тілінде жарияланған қазақ ғалымы. Ол шығыстану көгінде, халқымыздың тарихи болмысының биігінде мәңгілікке жарқыраған жарық жұлдызы атанды және Қазақстанда ғылыми және әлеуметтік ойлардың негізін қалаушы, қазақ халқының ұлы ғалымы және ағартушы-демократы  болды. Ол орыс ағартушылары мен төңкерісшіл- демократтары-

ның озат идеяларын дұрыс қабылдай білген адам. Шоқан Уәлиханов негізін салған демократиялық идеяларды қазақ ағартушылары Абай Құнанбайұлы мен Ыбырай Алтынсарин өз еңбектерінде одан әрі дамытып, ілгері бастырды.

     Шоқан Уәлиханов артында мол ғылыми мұра қалды. Ол Орта Азия мен Қазақстанның тарихына, жағрафиясына, этнографиясына арналған аса маңызды қыруар еңбектер, қоғамдық- саяси тақырыптарға арналған шығармалар қалдырды. Сонымен бірге Шоқан өзі зерттеген елдерді картаға түсіру ісіне елеулі үлес қосқан ғалым. Әрі бірнеше тілдерді жетік білгендігінің арқасында көне ескерткіштер мен деректерді де түпнұсқалары бойынша зерттеді. Өз халқының жарқырап туған жұлдызы болған ол өз заманының аса көрнекті ғалымдары арасында тарих ұсынған лайықты орнында тұр.  Шоқан-халқы -мыздың  жарық жұлдызы. «Орысша оқыған қазақтың ең естісі, артына кітап қалдырған – Шоқан» - деп Әлихан Бөкейханов айтқандай ол халқымыздың маңдайына біткен жарық жұлдызына айналды.

           Халқымыздың біртуар ғалымы Ш.Уәлиханов ғылымның барлық салаларынан жетік білімдар болған десек артық айтқан болмаймыз. Шоқанның Қашқар сапарынан жазған есебі ғажап дүние болатын. Бір сәт назар аударып көріңізші...

      Өз еліне шын беріліп, оны терең сүйе білген Шоқан өмірі - біз үшін үлкен өнеге. Оның философия, этнография, тарих, экономика, құқық, жағрафия, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы жайындағы құнды-құнды еңбектері мен пікірлерінің маңызы қашанда зор. Мәселен, «Алтышаһарға сапар»жинағында қазақтың көшпелі тұрмысына бейімделген киіз үйдің ағаш қаңқасының үш бөліктен- кереге, уық, шаңырақтан құралатынын, ал жабылатын киіздің де көлемі жағынан да, атауы жағынан да әртүрлі болатынын, мысалы туырлық, үзік, түндік деп аталатынын және бақан мен шидің не үшін қажет екенін жан-жақты зерттеген және от әулиенің киелі болып саналатынын, ошақтағы отты басуға немесе түкіруге болмайтынын, жаңа түскен келін әуелі өз отауына кірмес бұрын, атасы- ның үйіне кіріп сәлем салуы тиіс екенін және қалыңдықты ошақ жанындағы жұмсақ тулаққа отырғызады екен ол келіннің мінезі илеген тулақтай жұмсақ биязы болсын деген ырым екенін және ошақтағы отқа бір қасық май тамызып, «Отқа май құю» ырым-кәдені жасайтынын ел аузынан естіп, жазған. Әдет-ғұрыпта ең көп қолданылатын ырымдар жайлы да мысалы жылқы малының бірі табында өгейсіп, жатырқап, шеттей берсе, иесі сол жылқының жалынан бір талын жұлып алып аузына салып сілекейлеп, қалтасына салып қояды, бұл ғұрыптың –сілекейін алу деседі екен, ал біреуге көйлегін садақаға бергенде бір түймесін, не бауын алып қалады екен. Ал төрт түлік малды сатқанда немесе сыйлағанда, жылқының жүгенін, ноқтасын, түйе мен сиырдың бұйдасын, бүркіттің тома- ғасын, иттің қарғы бауын бермей, алып қалады екен. Тамақ шайнап үйге кіру жаман ырым, ал үйден ауызды қимылдатып тамақ шайнап шығу жақсы ырым екенін айтады және қонақтар үйге кірерде, есікті үй иесі ашса, ал шығарда олай етуге болмайтынын, әрі бұл ырым қазақтың қонақжайлылығын көрсететінін айтқан. Әрі осы жинақта жаман көзден, әртүрлі аурудан сақтайтын тұмарға да ерекше көңіл бөлгенін, оның мал, құс сүйектерінен немесе тастардан жасалатынын және жануарлар- дың сүйегінде құдіретті күш барын жазған. Осылайша, Шоқан қазақтың мәдениетін ғана емес, әдет-ғұрпын жан-жақты зерттеген.

Өзінің қысқа ғұмырында «Даламның көз жасын көрмеуге жазсын»  деп тілеген Шоқан Уәлиханов – ерекше жаратылған, қайталанбас тұлға. Қазақтан шыққан ұлы ғалым. «Ол асыл тастай, қай қырын күн сәулесіне ұстасаң да жарқырай көрініп, сан алуан қасиеттерімен асылдығын айқындай түседі». Ғабит Мүсіреповтің сөзімен айтқанда: «Шоқаны бар ел - шоқтығы биік ел».Ұлы перзентін басына асқақтата көтерген халық қана шоқтығы биіктей түсетінін ұмытпайық.

Ерубаева А.Қ.

Жаңартылған күні: 13.05.2020 11:03
Құрылған күні: 04.05.2020 20:23

Текст