"Балдəурен" жаздық лагері

18.06.2021

2021жылдың 1-маусымында Қызылұйым ауылының негізгі орта мектебінде бастауыш сынып оқушыларымен "Балдəурен" жаздық лагері өз жұмысын бастады. Жазғы демалыс лагері үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңді Ж.Т.Нұрмағанбетова əнұранмен бастады. Жаз айлары- мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жазғы демалыс- мектеп оқушыларының дүниетанымдық тұрғыда дамуы мен жетілу кезеңі. Əйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығып,  шыңдалуы өте маңызды.Осыған орай балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану мақсатында, олармен түрлі шаралар өткізілді.

  • летний лагерь.jpg 9.jpg
  • летний лагерь.jpg 9.jpg


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу