"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛҰЙЫМ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗІГІ ОРТА МЕТЕБІ" КММ
КГУ «ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛУЮМ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепте короновирустың алдын алу шаралары.

29.10.2020

Мектепте короновирустың алдын алу шаралары

 

     Бүгінде әлемді жайлаған, қауіп төндірген індеттің алдын алу мақса- тында мектепте ауруды жұқтыруға жол бермеу үшін сақтық және гигиеналық  шаралар қатаң сақталады. Ақмола облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау депар- таментінің және Ақмола облысы Білім басқармасының № 04-02/6061 хатын негізге ала отырып, мектепішілік бұйрық шығарылып, штаттық тәртіпте оқыту ережелерін сақтау мақсатында арнайы жұмыс жоспары жасалды.  Ең алдымен ата-аналар жиналысы өткізіліп, балаларды адам көп жиналатын қоғамдық орындарға апаруға тыйым салынатыны, бала үйде, түзде қолын дұрыс жуып, сақтық шараларын қолдану туралы айтып әрбір ата-ананы штаттық тәртіпте оқыту ережелерімен таныс- тырып, қол қойғызып,  хаттама жазылды. Мектепке бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынады. Мектепте қатаң түрде бетперделік тәртіп орнатылады. Мектептің кіре берісіне залалсыздандырылған төсеніш төселіп, керек заттармен жабдықталған сүзгіш (фильтр) ұйымдас -тырылды, келген оқушының, қызметкердің дене қызуын өлшеп, көрсеткішін арнайы басталған журналға жауапты адам күнделікті тіркеп отырады. Сабаққа келмей қалған оқушылар анықталып, егер ауырып қалса, медициналық қызметкерге көрінуге кеңес беріледі. Штаттық тәртіпте оқу кезінде арнайы қоңырау кестесі жасалады, оқушылар үзіліс арасында бір-бірімен кездесуге рұқсат етілмейді. Әрбір оқушының антисептигі, дымқыл салфеткасы, бірнеше бетпердесі және өзі ғана тұтынатын құтыдағы суы болуы қажет. Спортзал күн суытқанша жабылып, дене тәрбиесі  таза ауада өткізіледі. Мектеп сырты 0,06% деохлор ерітіндісі -мен екі апта да бір залалсыздандыру жұмысы жүргізілсе, мектеп іші күнде екі сағат сайын 0,03% деохлор ерітіндісімен сыныптағы парталар, орындық, есік, терезелер мен еденді тазалау жұмыстары үнемі  жүргізіледі. Арнайы құрылған кесте бойынша шаруа- шылықты жүргізуші кварцты ультракүлгін бактерицидтік шамымен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізеді. Сынып жетекшілер арнайы кесте бойынша сыныптарды желдетіп отырады.

         Міне осындай  ережелердің, талаптардың орындалуына байла- нысты сабақ босатып, ауырып жатқан оқушылар жоқ.

Просмотров: 259


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст