"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛҰЙЫМ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗІГІ ОРТА МЕТЕБІ" КММ
КГУ «ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛУЮМ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бәрінен білімді озар сайыстарда

28.04.2017

                                  Бәрінен білімді озар сайыстарда

 

     12 сәуір күні қалалық №2 Абай

атындағы мектепте қазақ тілінің жанашырларының ұйымдастыруымен  басқа ұлт өкілдеріне арналған сайыс

ұйымдастырылды. Әрбір ұлттың ұрпағы қазақ тілін терең оқып, жете білуге, өз

елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу мақсатында өткен іс-шара қазақ тілінің

сұлулығы мен асылдығының тағы бір дәлелі бола білді.

      Сайыс төрт аталым( номинация)

бойынша ұйымдастырылды. Сайысқа қатысқан балалардың бәрі қазақтың ұлттық киімін

киді.

      Өзім төрелік еткен «Көркем

әдебиетті оқу» аталымы бойынша қатысқан 15 бала мемлекеттік тілді біліп қана

қоймай, мақал-мәтелдерді жатқа айтып, аударған мәтіндерінен, құрған

диалогтарынан халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын да құрметтейтіні көрініп

тұрды. Әсіресе Казгородок орта мектебінен келген Виктория есімді 3-сынып

оқушысы мен Мақпал негізгі мектебінен келген Артем есімді бала ерекше көзге

түсіп, осы сайыстың жарқын жұлдыздары 

атанып, бірі «ең үздік» атанып, ақшалай бес мыңдық сертификатты иеленсе,  бірі жүлделі І орынды жеңіп алып, ақшалай сыйлықты

иеленді.

       Тіліміз- бірлігіміздің тірегі,

халқымыздың ұлттық байлығы. Ендеше, биыл бірінші рет ұйымдастырылған мұндай

сайыстар жалғасын тапса екен деймін.

« Қанша тіл білсең, өзгеден сонша биіксің » демекші, өзге ұлт өкілдерінің

қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығы 

арта берсе екен деймін.

     

Просмотров: 364


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст