"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛҰЙЫМ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗІГІ ОРТА МЕТЕБІ" КММ
КГУ «ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛУЮМ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біржан сал

10.01.2018

 

       Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа

бағдар, рухани жаңғыру» мақаласы дер кезінде көтерілген үлкен мәселе болды.

Тарихты жасайтын халық. Осы жылдың, яғни 2017 жылдың 13 желтоқ-саны ауданымыз

үшін, осында тұрып жатқан тұрғындар үшін өте қуанышты ай болды. Оған себеп

Елбасының Жарлығы шықты, онда Еңбекшілдер ауданын Біржан сал ауданы болып

аталсын деген шешімі шықты. Қарағайлары аспанмен таласқан,қайыңдары желмен

жарысқан, Көкшетаудың сексен көлдерінің ішіндегі Жөкей көлінің жағасында

орналасқан,топырағына Біржан атамыздың аяғы тиген   Қызылұйым ауылының тұрғындары да Елбасының

Жарлығын зор қуанышпен қарсы алды.Біздің ауылдан бүткіл қазақ еліне даңқы

тараған Біржан атамыз сияқты  әйгілі

адамдарды  көптеп айта

аламыз.Мысалы,кезінде үш облысты басқарған Шәкір Қарсыбаев ағамыз, қазіргі

кезде Астанадағы Назарбаев Зияткерлік  

мектебінің  директоры Жәкенов М.Ә.

және де басқа да жерлестерімізді айтуға болады. Біз және біздің тәрбиелеп

отырған ұрпақтарымыз Біржан атамыздың атына лайық болу үшін көп еңбектенуіміз

керек.

                                  

Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,

                                  

Адамға зияным жоқ жүрген жанмын

                                   

Адамға анау-мынау бас имеймін,

                                   

Өзім сал, өз сылқым кімге зармын!

 

                          Қызылұйым

негізгі мектебінің мұғалімі

                                                            

Естаев Темірбай Темірханұлы

Просмотров: 362


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст