"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛҰЙЫМ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗІГІ ОРТА МЕТЕБІ" КММ
КГУ «ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛУЮМ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аяулы күз

28.10.2019

                              Қызылұйым негізгі мектебі

                                                                

 

 

 

Тақырыбы: Аяулы күз

 

 

                                                                                                     

 

 

 

 

 

 

Өткізген: Дюсенбекова Г.Т.

 

                                                         11.10.2019жыл.

Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар!  «Аяулы күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер. Мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-жазира Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын, даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз - байлық, себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың молшылық. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата - бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып, «Аяулы күз» мерекесін ашық деп жариялаймыз.

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,                             

 Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын

Ағашта жапырақтар сылдырлайды.

Төгілген алтын теңге сансыз жалқын

 «Аяулы күз» атты байқауымызға қатысатын

үміткерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз.

 

Күз мейрамы құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

Әділқазы алқасын таныстырып,

Кетейінші осы отырған баршаға, - дей отырып құрметті көрермендер сіздерді бүгінгі сайысымызды саралап, әділ баға беретін кәміл сенеміз. Бүгінгі кешті қай топ бірінші бастайтынын анықтау үшін жеребе алынады. Алған нөмерлері бойынша командалар өз өнерлерін көрсетеді.

1 болып .................................................................шығады,

2 болып ................................................................ шығады,

3 болып ................................................................ шығады

Командалар барып сайысымыздың алғашқы бөліміне дайындала берсін, сіздерді «Аяулы күз» мерекесінің бағдарламасымен таныстырып өтейін. Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады. Әр кезең сайын ойын өткіземіз.

Құрметті көпшілік көрерменім,

Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.

Ақжол тілеп үкілі үміттерге,

Таныстыру шартына кезек берейік.

1 кезең: Таныстыру  ( топтын аты,ұраны,әр бала өзін жеке таныстыру )

Ойын: Шарты: әр топтан 1 оқушы шығып,қағаздан жапырақ қию.

2 кезең: Күз мезгіліне байланысты тақпақ құрастыру (сөздер бер )

Ойын: Шарты: сурет салу;шарты 4 адам бір бірінің артына тұрып сурет     салады,ең    алда               тұрған оқушы сол суретті қағазға салады. (әр топ жеке орындайды )

3 кезең.Күз мезгіліне байланысты қабырға газетін шығару. (әр топ жеке орындайды )

Ойын: Cәбіз тазалау. Пияз аршу.3 адам қатысады. (көрермендер )

4 кезң Салат жасау. (қыздар )

Ойын: Жүзімді ауызбен қағып алып жеу. (ұлдар )

5 кезең.Күзгі көрініс (Қазіргі заманға сай)

Ойын: Қиярды қабығын тазалап жеу.3 қыз,3ұл шығады.

6 кезең.Сән үлгісі.Оқушылар мен мұғалімдер.

Ойын: Мақал-мәтел жазу.Күзге,еңбек жайлы.

  Ойын: Күз ханзадасы мен ханшайымы (ситуациялық сұрақтар)

Әр командадан ханзада мен ханшайым шығып, ситуациялық сұрақтарға жауап береді. Әділ қазылар алқасы ханзадаларымыз бен ханшайымдарымыздың ситуациялық сұрақтарға жауап беруінен бөлек киімдеріне де назар аударамыз.

1. Сіздің әпкеңіз мұғалім. Ал сіздің досыңыз әпкеңіздің сабағын өткізуге еш мүмкіндік бермейді. Әпкеңіз сізге айтып еді, сіз досыңызға айтып ескерттіңіз. Аз уақыттан соң әлгі жағдай қайтып жалғасты. Сіз не істер едіңіз?

2. Сыныбыңыздағы бір оқушы үшін мектеп әкімшілігі барлық сыныпты ата-аналар жиналысында кінәлады. Сізге бұл ұнамады, себебі сіздің жақсы тәртібіңіз, жақсы оқығаныңыз бәрі текке кеткендей, сізде кінәлі болып шықтыңыз. Сыныптасыңызға деген көзқарасыңыз, сіз не істер едіңіз?

3. Сіз сыныпта шаруашылық секторысыз, ал досыңыз сынып терезесін сындырып тастады. Досыңыз айтпауын өтінді. Кім екенін білмесең, терезе әкеліп сал деп сынып жетекшіңіз ескерту берді. Бұған сіздің жағдайыңыз көтермейді. Бұл жағдайдан қалай шығар едің?

4. Мектеп бітіру кешіне сыныптастарың қымбат костюм немесе көйлек кигелі жатыр. Ата-анаңыздың алып беруге еш мүмкіндігі жоқ. Бұл жағдайдан қалай шығар едің? Кешке барасыз ба, әлде үйде қаласыз ба? 

5. Сіз автобус аялдамасында тұрсыз. Қасыңызда егде тартқан әжеңіз бар. Кенет әжеңіз орнынан тұрам деген сәтте құлап кетті. Қасыңызда тұрған жолдастарыңыз қарқ-қарқ күліп, мазақ етіп жатыр. Ал сіз не істер едіңіз?

6. Сіз көшеде келе жатып досыңыз екеуіңіз аса бағалы зат тауып алдыңыз. Досыңыз хабарландыру жазып иесіне қайтарайық деген, ал сіздің біреуге берешек  ақшаңыз бар. Осы жағдайда иесіне қайтарар ма едіңіз, әлде сатып, берешек  ақшаңды берер ме едің? Осы жағдайдан қалай шығар едің?

Қазылар алқасы 6 кезең бойынша сайыскерлеріміздің бағасын берсеңіздер.

Сайыстың барлық кезеңдерін аяқтадық. Әділқазылар әділ шешімін шығарғанша,

Көренмендермен  бас қатыратын жұмбақ жасырайық,әр дұрыс жауап үшін сыйлық беріледі.

1    Біреуін тастап, мыңын ал.(бидай)

2   Арасында екі тас,

     Төрт аяқпен жалғыз бас(тасбақа)

3   Түйеқұс өзін құспын дей ала ма?(жоқ ол сөйлей алмайды)

4   Төрт аяқты аң емес

     Қауырсынды,құс емес (төсек пен жастық)

5   Айлардың ең ұзыны қайсы?(қыркүйек 8 әріп)         

6   Елеуішпен су тасуға бола ма?(иә,суды қатқан куйде тасуға болады мұз болғанда)

7   Екі басты,алты аяқты

    Жалғыз ғана құйрығы бар

    Жануар ма,адам ба?(атты адам)

8  Тісі көп,бірақ ештеме жемейді?Ол не?(тарақ)

9  Әр нәрсе барлық тілде сөйлей алады.(жаңғырақ)

 

                                                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               

                                                                           

Просмотров: 1125


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст