"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛҰЙЫМ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗІГІ ОРТА МЕТЕБІ" КММ
КГУ «ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛУЮМ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тілашар» ертеңгілігі

23.05.2019

13 мамыр Қызылұйым негізгі мектебінде мектепалды даярлық тобында «Тілашар» ертеңгілігі өтті. Сабақта балалардың білімге деген құштарлығын арттыру, тілдік қорын молайту, оқу- білімді жаны сүйетін, білімге құштар ұрпақтың болашаққа сенімділіктерін ояту мақсатында өткізілді.

 Балалар әр пәнге арнап тақпақтарын айтып , жұмбақтар шешті.

Сауат ашудан әріп- жазумен бірге өз тілімізде таза сөйлеуді , ертегі, сурет бойынша әңгімелеуді, математика сабағынан артық, кем, тең,артық, азайту ұғымдарын біліп қана қоймай, сонымен  қатар есептер шығаруды, 1- 20-ға дейінгі сандарды білетіндерін  көрсетті.

Балалар үштілді қалай меңгергіндігін, санамақтар, отбасы мүшелерін айту кезінде көрсет ті. Мектепке, өз Отандарына, аналарына арнап өлең, тақпақтарын екі тілде айтты.  Мереке соңында балалар аналарымен  вальс биін биледі.

Сынып жетекшісі Нұрмағанбетова Ж.Т.

Просмотров: 585


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст