"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛҰЙЫМ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗІГІ ОРТА МЕТЕБІ" КММ
КГУ «ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛУЮМ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Гордость нашего аула.

14.05.2018

Гордость нашего аула.

Ауылдың  асыл перзенті.

      Жөкей

көлін жағалай  шағын ғана  Қызылұйым ауылы орналасқан. Табиғаты тамаша,

елі киелі, бір жылдары Біржан салдың мекені болған бұл жерден талай даналар мен

дарындар шыққан. Солардың бірі – Жакенов  Мейрам Әміржанұлы. Ауылымыздың тумасы, біз

сияқты білім саласында жүрген Мейрам ағамыздың шекара асып, Ленинградта, кейін

Анголада оқып, талай іс-сапармен шет елдерге барып, бүгінгі күні Астана

төріндегі Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры болып  көп жылдан бері  жұмыс жасап жүргенін мақтанышпен айтып өткім

келеді. Ол кісінің бұра тартпайтын байсалды, әрі қарапайым  мінезі, туған жеріне деген қамқор көңілі

көпке үлгі-өнеге бола білді.

       Ағамыздың ұйымдастыруымен

мектебімізге голландиялық, ағылшындық, испандық оқытушылар мен оқушылар келіп,

танысып, өздерінің мектептері туралы бейнефильм көрсетіп, салт-дәстүрлерімен

таныстырып, біздің балалармен пікір алмасты. Ағылшын тілін игерген оқушыларымыз

қонақтармен еркін тіл табыса білді. Келген сайын құр қол келмейтін қонақтарымыз

балаларға теннис столын, әртүрлі оқу құралдарын, ұлттық аспаптарды, баскетбол,

волейбол, футбол доптарын, тағы да басқа бағалы сыйлықтарды тарту етті.  

      Мейрам Әміржанұлының ұйымдастыруымен 7-8 мамыр

күндері мектебімізде ұмытылмас, әсерге толы қызықты күндер өтті. 7 мамыр күні

ауылымыздың тумасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Жакенов Әміржан атамызды еске

алу мақсатында үстел теннисінен бірінші турнир өтті. Мерекелік турнирдің

ашылуына орай салтанатты жиын ұйымдастырылды. Ол жиынға марқұм Әміржан

атамыздың балалары, келіндері, қыздары, күйеу балалары, немерелері, жиендері

түгел жиналды. Атамызды еске алып, құттықтау сөздер айтылып, тойдың шашуы да

шашылды. Кейін турнирдің шымылдығы атамыздың келіндері Күлшат пен Айманның

ойынынан басталды. Турнирге тізім бойынша тіркелген 32 ойыншы теннистен тамаша

ойын көрсетті, алдын ала белгіленген төрешілер әділ бағасын бере білді, бірақ

сайыс болған соң біреу жеңеді, біреулер жеңіледі. Төрешілердің қорытындысы

бойынша, 7-сынып оқушысы Молдабаев Думан қарсыластарын бірнеше мәрте жеңіп,

жүлделі І орынды иеленіп, кубокпен, дипломмен және 15000 теңге ақшалай

сыйлықпен марапатталса, 8- сынып оқушысы Темірханова Әлия ІІ орынды иеленіп,

диплом және 10000 теңге ақшалай сыйлық алды, ал ІІІ орынды география пәнінің

мұғалімі Қылышбаев Руслан Тағыбекұлы иеленіп, диплом және 5000 теңге сыйлық

алды. Оқушыларға, мұғалімдерге, басқа да ойыншыларға қатысқаны туралы

сертификат, жиырма бір балаға сыйлықтар беріліп, ерекше ойын көрсеткен

оқушыларға «Турнир сұлтаны», «Турнир аруы», «Ең жас ойыншы», «Ойын техникасын жақсы

игергені үшін»т.б. ерекшеліктері үшін мақтау қағаздары бөлек берілді. Турнирді

ұйымдастырушы Мейрам ағамыз құттықтау сөзімен қорытындылап, келешек ұрпаққа

өзінің ақ батасын берді және бұндай турнирдің келесі жылы да жалғасын табатынын

айтып, жиылған жұртты қуантып, қошеметіне бөленді.

        «Өлі разы болмай, тірі

байымас» деген даналар сөзі бекерге айтылмаған болар. Атамыздың ұрпақтары

жиналып, үлкендерді шақырып, дұға оқытты.

 

       8 мамыр күні мектебімізге

Малайзиядан және Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінен жиырма

шақты оқушы мен мұғалімдер келіп, бұл күніміз тіпті көңілді өтті. Алғашында

сонау жерден қонақтар келеді дегенде балалардан бұрын өзіміз қобалжыған

болатынбыз, алайда көліктен күле түсіп жатқан ақ жарқын, ақкөңіл балаларды

көргенде, балалармен бірге біз де қуандық. Жымиып күліп, қазақша «Сәлеметсіз

бе?» деп амандасқанда, күнде көріп жүрген өз бала – ларымыздай жақын көрінді.

Мектеп формасын киген оқушыларымызға аң-таң болып, жарқ-жұрқ суретке

түсіріп,бір-бірімен бұрыннан білетіндей мәре-сәре бол- ды. Мектеппен, біздермен

танысып болған қонақтарымыз дайындап әкелген 

презентацияларын көрсетіп, салт-дәстүрлерімен, ұлттық тамақтарымен,

ұлттық киімдерімен, өнерлерімен және тамаша әрі киелі жерлерімен таныстырды.

Келесі кезекте өзіміз дайындаған Мейрам ағамыздың отбасы, ата-анасы,

туған-туыстары туралы және біздің мектебіміз туралы түсірілген бейнефильмді тамашалады.

Әсіресе шет елдік қонақтарымыз қарды, қысқы спорттық ойын түрлерін көргенде өз

таңқалыстарын жасыра алмай мәз-мейрам болды...

         Кейін мұғалімдер мен

оқушылардың дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалап, 6-сынып оқушысы

Төлегенов Расулдың «Қазақ жастары» өлеңіне қол соғып, орындарынан тұрып, билеп

ерекше қошемет көрсетті. Күлаш Қадырқызы қазағымыздың салт-дәстүрімен

таныстырып, мұғалімдердің ұйымдастыруымен бесікке бөлеу дәстүрі ұсынылды,

бесікті аластап, баланы салып, бесік жыры айтылып, шашуы шашылып, бата да

берілді. Содан соң қонақтарға ұлттық ойын- дар туралы, ойын ережесі туралы

түсінік беріліп, біздің балалармен бірге «Арқан тарту», «Асық ату»т.б.

ойындарын бірге ойнап, бір жасап қалды.

            Келесі кезекте

оқушыларымыз қонақтарды жайылған дастарханға шақы- рып, халқымыздың ұлттық

тамақтарының атауы, дайындалуы туралы ағылшын тілінде түсінік берді, бесбармақ,

құрт, қоспа, ірімшік, май, қаймақтан ауыз тиген олар, тамсанып, өз

ризашылықтарын білдірді. Бір ерекшелігі малайзиялық қонақ- тарымызға

қазақстандық конфеттер мен жидектен дайындалған тосап  қатты ұнады. Ет жеп, шай ішіп болған балалар

мектеп алаңына шығып, үш мектеп арасындағы- Астана қаласындағы  Назарбаев зияткерлік мектебі, Қызылұйым

негізгі мектебі және Малайзия мектебі арасындағы «Достық аллеясын» отырғыз-

ды.  Қарағай ағаштарын отырғызып, су

құйып, түбін қопсытып, үш мектептің аты жазылған белгі де орнатылды.

         Бұл кездесу де өз мәресіне

жетіп, қонақтарымызбен қимай қоштасып, есте- лікке бірнеше рет суретке түсіп,

жақсы тілектер айтып, шығарып салдық.Жаны жайсаң жақсы адамдармен жүздесудің

өзі мерейіңді өсіріп, көңіліңді көтереді. Керемет әсер алған оқушыларымыз

үйлеріне барып, көріп-естіген жаңалықтары туралы ата-аналарымен бөлісті.     

        

        Атамыздың рухы осындай «елім»

деп еңіреп жүрген ағамызды қайда жүрсе де желеп-жебеп жүрсе екен деп тілейміз.

Қазағымыздың осындай дара да дана тұлғалары келешек ұрпаққа үлгі-өнеге болары

сөзсіз...

 

                                          

Қызылұйым негізгі мектебінің директоры - Ерубаева Ақбаян Қайырбекқызы

Просмотров: 362


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст