"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚЫЗЫЛҰЙЫМ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗІГІ ОРТА МЕТЕБІ" КММ
КГУ «ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА КЫЗЫЛУЮМ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық пән Олимпиадасы

12.02.2021

Жаңа технология- заман талабы

 

   «... Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру- бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз...»

                                                      Н.Ә.Назарбаев

ХХІ ғасыр-жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басуда. Бүгінгі таңда ғалымдар күн сайын технология әлемінде түрлі жаңалықтар ашуда. Қазіргі таңда адамдар үш ұйықтаса түсіне кірмеген түрлі өнертабыстар күн сайын ойластырылып, жасалуда.

Алысқа бармай-ақ, мен оқитын шағын ғана мектепте сабақ компьютерсіз, электронды оқулықсыз, проектор құрылғысыз өтпейді. Әлемді жайлаған індет салдарынан  қашықтықтан оқу кезінде де біздер мұғалімдермен электронды байланыс арқылы ақпарат алмасып, бейнесабақтарға қатысып, ZООМ платформасын пайдалана алдық, тіпті бүгінгі қашықтықтан олимпиадаға қатысумның өзі технологияның дамуы деп ойлаймын. Уатсыздықтан арылту м

«Надан жұрттың күні-қараң, келешегі- тұман»,- деп М.Дулатов айтқандай, келе- шек ұрпақты надандықтан, сауатсыздықтан арылту мақсатында ел өңірінің барлық саласы компьютерлендіріле бастады. Бұрындары көз жанарын кетіріп, берілген мәтін- нің әр әрпін теріп жазсақ, бүгінгі күнде көшірме құралдарын пайдаланамыз.

Биылғы жылы Көкшетау қаласында заман талабына сай жабдықталған «Болашақ сарайы» пайдалануға берілді. Қазіргі заманғы бұл ғимаратта бес бағыт бойынша 78 үйірме жұмыс жасайды екен және озық ғылыми зертханалармен жабдықталған нысанда ІТ, биотехнология, работатехника тәрізді салалар қамтылған.

Озық технологияның дамуының тағы бір дәлелі- жер жаһанды жайлаған короновируспен күресу мақсатында біздің ғалымдардың қолжетімді екпе ойлап табуы. Бұл да заман талабына сай жаңа технологияның дамуы деп ойлаймын.

Келешекте технологиядағы жаңа дәуірде көздің жауын алатын, талайды таң қалдыратын әлі талай жаңалықтар ойластырылатынына біз сенімдіміз.

 

                          9- сынып оқушысы- Жанатаева Альмира Ардаққызы

Просмотров: 223


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст